Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Димаштың әні ең көп тыңдалған 100 композиция қатарына енді

Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді.

Димаштың әні ең көп тыңдалған 100 композиция қатарына енді
фото: әлеуметтік желіден

Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, - деп жазды dimashnews.com.

Аталған ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерге енді. Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.