Әлемге танымал америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес биыл тамыз айында Астанада концерт береді, деп хабарлады paryz.kz.
Бұл туралы өнер иесінің концерттеріне жауапты кеңсенің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпараттан белгілі болды.
Әнші жазда Up All Night әлемдік турнесін өткізеді. Турне аясында ол 17 қалада концерт береді. Оның ішінде Астана да бар. Дженнифер Лопестің елордадағы концерті 1 тамызда «Астана аренада» өтеді деп жоспарланған.
«Барлық шетелдік жанкүйерім үшін осы жазда бірнеше шоу өткіземін. Саханаға оралып, сіздермен жүздесетін сәтті асыға күтудемін. Бұл ғажайып жаз болады», - деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасында