Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

«Бұдан кейін тыңдамаймын»: Ақтауда өнер көрсеткен белгілі әнші елдің сынына ұшырады

Ақтауда өнер көрсеткен танымал әнші Kalifarniya-ны тыңдармандары сөгіп тастады, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info порталына сілтеме жасап.

«Бұдан кейін тыңдамаймын»: Ақтауда өнер көрсеткен белгілі әнші елдің сынына ұшырады
фото: әлеуметтік желіден

Айта кетейік, Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің берілу құрметіне орай гала-концерт өтті. Іс-шараға еліміздің танымал өнер жұлдыздары да жанды дауыста ән салды. Солардың арасында жастардың сүйікті әншісі Kalifarniya да бар. Хитмен репертуарындағы “Қар” әнін орындаған. Алайда әншінің жанды дауыста ән салуы қызу талқыға түсті. Өйткені орындаушы ырғаққа ілесе алмай қалған. 

“Сүйікті әншім еді, бұдан кейін тыңдамайтын сияқтымын”, “Екі нотаның арасында жүр”, “Даусы шықпай қалды”, “Димаш сияқты дайындық жасап шығуы керек”, “Қатты семіріп алғасын, даусы жетпей тұр”, – деп жазды көпшілік.

Stan.kz әншінің админі Еркебұланға хабарласып, сынға қатысты пікір сұрады.

“Концерттің техникалық жағы нашар болды. Сол үшін де оған музыка мен даусы естілмей қалды. Өзіміз де көрдік. Құлаққап пен микрофон да істемей тұрды”, – деп жауап берді арт-менеджер.