Желіде Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиз Рамазанқызының үйленуге ұсыныс алғаны туралы ақпар тарады. Одан кейін болжалды болашақ күйеу жігіттің бірнеше рет үйленіп, ажырасқаны туралы әңгіме желіде желдей есті, деп жазады Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Осы тұста Наргиздің сүйіктісі делінген Жәнібек Ерболатұлы жазба жариялап, бұрын ажырасқанын мойындады.
«Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Ажырасқаным рас. Бірақ ешкім менен зардап шекпеген. 4-5 әйел алды деген өтірік. Олай айтпаңыздар. Рамазанда ұстаған оразаларыңыз мені өсектеп зая кетпесін. Басқалар сияқты үсті-үстіне тоқал алған емеспін.
Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Әркімнің өз айыбы бар. Біреулер жалға машина алып жүр деп жазып жатыр, ол өзімідікі. Ажырасқан адам бақытты бола алмай ма?
Ешкім сау сиырдың тезегі емес, әркімнің бір өткен оқиғасы бар. Айналайындар-ау, кім ажыраспай жатыр. Осы өсектің артында жақсы болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Алла Тағала барлығыңыздың отбасыңызға береке берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», — деп жазды кәсіпкер.