Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты

Төреағали Төреәлінің қос қарындасы Астанадан Алматыға шұғыл жолға шыққан. Бұл туралы Фариза Төрәлі желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты
фото: әлеуметтік желіден

«Ағамның денсаулығына байланысты концертті кейінге қалдырдық. Әлі қуанышты кештер алда иншаАлла. Ағамның түрлі кештерін тамашалаймыз әлі. Аман болайық», — деп жазды Фариза.

Сондай-ақ, блогер Алланың әр ісінде даналық барын айтты.

«Ештеңе кездейсоқ емес. Болуы керек жерде болдың. Айтылуы керек жерде айттың. Жасалуы қажет жерде жасадың. Кездесуің керек кезде кездестің. Алланың барлық ісінде ұлы даналық бар. Ол неткен қамқор еді. Раббың сені ешқашан жалғыз қалдырған емес. Бәлкім оны сен сезбедің. Оның мейірімін сезінгенде… жылағаннан басқа сезім келмейді», — деді ол. Фариза Төрәлі сіңілісі Дина Төрәлімен аяқасты Алматыға жолға шыққанын, ата-анасының үйінде өзін жақсы сезінентінін де жаза кетті.