Қызды алып кетуге ұлдың кіндік шешесі Айгүл Иманбаевадан бастап, Жанар Айжанова, Меруерт Түсіпбаева секілді әртістерден құралған топ барды, – деп хабарлайды Paryz.kz.
«Бүгін бізде қуанышты күн! Кіндік балам Ахан, Ақботаның ұлы үйленіп жатыр, бүгін екеуіміз келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Айгүл Иманбаева.
Кеше келін түсірген Ақбота Керімбекова бүгін беташарға дайындалып жатыр. «Тойды аман-есен өткіздік. Келініміздің бетін ашамыз бүгін, оған қоса ауызашар. Негізі әдемі кезеңге келін түсіруді Алла нәсіп етіп отыр екен.
Тілек көп айтылатын, қабыл болатын ай ғой. Құдай қаласа, осы ұл-қыздың бақытын, жақсылығын көрейік. Келініміз адалынан болып, әулетімізді көркейте берсін», – деді әнші.