Өзінен алты жас үлкен әйелге үйленіп, кейін ажырасып кеткен танымал жас әнші Ринат Шамшырақ визажист Аружан Төремен қайта қосылған, - деп жазады Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Аружан Төре TikTok парақшасындағы жазбасында Ринатпен қарым-қатынастарының бұзылғанын айтқан еді. Ал бүгінде қос ғашықтың қайта бірге екені белгілі болды.
"Жаңалық айтайын ба? Әлде естіп қойдыңыздар ма? Біз демалыстамыз, бәрін білетін сияқтысыздар айтпасам да болады екен", деді Аружан Төре.
Сонымен қатар, визажист күйеуінің жаңа әнін жариялап, ажырасып кеткенде өзіне арнап жазғанын ашып айтты.
Желі қолданушылары қос ғашықтың бірге екеніне қуанып, түрлі пікір жазды.
"Қосылғандарыңа қуаныштамын", "Бақытты болыңдар", "Ешкімнің сөзіне ермеңдер, жүрек қалауларыңды тыңдаңдар", "Дұрыс, енді жұптарың ажырамасын", - деп жазды олар.