Жұлдыз Әбдікәрімованың «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы барған кездегі видео тағы елдің талқысына түсті, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодан әртістің мемлекеттік органдар, қала әкімдігіндегі таныстарымен, одан қалды әріптестерімен – мәдениет саласының майталмандарымен қол берісіп, беттен сүйіп амандасқан. Олардың басым көпшілігі ер адамдар болғаннан кейін жұртшылық оны сынға алып, тіпті «еркек біткеннің бәріне жабысып не болды?» деуден де тайынбаған.
«Сонша жақындап не болды?», «Күйеуі бар әйелге ұқсамайды», «Министрдің өзі ыңғайсызданып қалды ғой», «Қандай жақын болсаңыз да, сүйісіп амандасу – қазақ қызына жат дүние, ерсі көрінеді», – деп жазды желі қолданушылары.