Танымал өнер иесі Қарақат Әбілдина баласы өнер көрсеткен кеште көзіне жас алды, деп хабарлады Paryz.kz.
Қарақат Әбілдина баласының сахнада ана туралы ән айтқанына көңілі босағанын жасырмады.
«Ана туралы ән айтылғанда тамағыма ащы өксік тығылады. Сіздерле де солай ма? Ана мен баланың арасындағы тылсым байланыстың құдіреті қандай күшті еді… Балам сахнада қолында бір шоқ гүлі бар «анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» — деп анасына ән арнап тұр. Анасы болса ‘сағыныш қалдырып кеттің жүрегімде таусылмайтын’ деп, өз анасын ойлап көңілі босап отыр. Ех, бір кем дүние — ай. Аналарыңыз аман болсыншы», — деді Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында.