Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің актриса Дариға Бадықоваға тікелей эфир барысында жазған сөзі жұрттың ашуына ілікті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлеуметтік желіде таралған видеоға көңіл бөлсек, Дариға Бадықова парақшасы арқылы тікелей эфир өткізіп жатқан. Осы кезде өнердегі әріптесі Қайрат Әділгерей «Бетіме отырыңыз» деп жазады, деп мәлімдейді Azattyq Rýhy.
Ал оның бұл пікірі желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ. Бірі актердің әзілін анайы түрде деп айыптаса, енді бірі актриса күлкісін дарақылыққа балады.
«Елдің алдында не күлкі, соншама ауызды ашып, бар даусыңмен күлгенің не, жаным ау, дарақы күлкі, ұят-ай», «Күлкің өте арсыз», «Қайран заман-ай, не болып барады», «Дариға, жараспайды. Аузыңды сонша ашып күлмеші. Дарақы күлкі жараспайды», «Күлкі арсыз деген осындайдан қалған екенін дәлелдеп отыр ма», «Мәдениет саласында жүргендіктен мәдениет сақтаған дұрыс», «Бетіме отыр дегені не мағына сонда», - деп жазды желі қолданушылары.