Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Еркін Нұржановты шапалақпен ұрып, жағын сындырып алдым" - Ерғали Әбдірайымов

"Менің жаңа кітабымда бірқатар шындық ашылды. Мәселен, онда Еркін Нұржанов жайлы толық жазылды. Оның топтан қалай кеткені және не себепті кеткені жазылды. Еркін екеуміздің арамызда бір кикілжіңдер болды..." - дейді ол.

"Еркін Нұржановты шапалақпен ұрып, жағын сындырып алдым" - Ерғали Әбдірайымов
фото: youtube.com

"Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымов топтың белді мүшесі болған әнші Еркін Нұржановтың ұжымнан кетуінің себебін ашып айтты, деп жазды paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Продюсер бұған дейін еш жерде айтпаған сырын "Опмай-опмай" бағдарламасында ақтарып салған.

"Әр отбасында әркім баласына әртүрлі тәрбие береді. Бір момын бала болса, оны шапалақпен тәрбиелеуге болмайды. Оның өзінің дәрісін тауып, өзге тәсілмен емдеу керек. Сол сияқты, "Жігіттер" квартеті де сол кезде жұлдыз ауруына шалдығып, халыққа еркелеп, аспанға ұшып кетпесе де ұшайын деп тұрған кезеңдері болды. Сол керек кезде оны тоқтататын тәсілдердің біреуі болды десем болады. Олар шектен шыққан кезде шапалақ ұрған уақыттарым болды. Алайда, мен оларды әдейі ұрғаным жоқ. Жаман болсын деп ондай қадамға бармадым. Менің жаңа кітабымда бірқатар шындық ашылды. Мәселен, онда Еркін Нұржанов жайлы толық жазылды. Оның топтан қалай кеткені және не себепті кеткені жазылды. Еркін екеуміздің арамызда бір кикілжіңдер болды. Бір кезде тіпті аға ретінде шапалақпен ұрамын деп, жағын сындырып алғанмын. Бірақ, мен жағын сындарайын деп жасаған жоқпын. Солай болып қалды. Ағалықпен қол жұмсап қойдым. Соның себебінен де арамыз алшақтай бастаған болуы мүмкін. Өйткені, сол жайттардан кейін ол ортамыздан алыстай бастады" , - дейді Ерғали Әбдірайымов.