Танымал әнші Ерке Есмаханның бірінші күйеуі, белгілі тележурналист Асхат Садырбай Руслан Өтепбайға берген сұхбатында екінші әйелін жындыханаға жатқызғысы келуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Бір кездері оның мінезі қиындап, айғай-шу жиілеп кетті. Мен дымнан хабарсызбын, бір күні маған хабарлама жазады. Хабарламасында дәріханадан белгілі бір дәріні әкеп беруімді сұрады. Мен ол қандай препарат екенін сұрадым, ол көздің линзасына қажетті дүние екенін айтты. Мен дәріханаға барып, айтқан дәрісін сұрасам, ондағы кісілер маған бұл дәріні бере алмайтынын, оны алу үшін дәрігердің тағайындауы керегін түсіндірді. Бұл қателеспесем, 2017 не 2018 жылы. Мен "бере берсеңізші, көздің линзасына қажетті дәріге дәрігердің тағайындауының не қажеті бар?" десем, "жоқ, бұл өте ауыр препарат" дейді. Кейін үйге барып, өзінен сұрасам дәріні жүйке ауруы немесе ақауы бар адамдар ішеді екен. Мен оны жындыханаға жатқызғым келмеді, мен оған мүмкін емделіп көрерсің деп ұсыныс тастадым. Психолог, неврапотологқа апардым, бірақ ол психологқа барудан бас тартты, неврапотологқа ғана келісті. Онда бір рет қана қаралды, өзінің аса қатты емделуге зауқы болмады", деді ол.