Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы Фариза Алмазқызы Instagram stories бөлімінде өзінен кешірім сұраған күйеуімен қайта қосылмайтынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім, Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегіні жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз. Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне!», — деп жазды ол.
Фариза Алмазқызы осы сәуірде ажырасқанына бір жыл болатынын айтты.
«Қанша уақыт өтті. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық жерге шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады. Иә, бүкіл халықтың алдында да кешірім сұрады, өзімнен де кешірім сұрады. Мен кешірдім! Бірақ қайта бірге болмаймыз, өткенді айта берудің қажеті жоқ. Осымен бұл тақырып жабылсын. енді сұрамаңыздар. Бәрі бітті! Қайта қозғай бергеннен пайда жоқ», — деп жазды ол.