Әлеуметтік желілерде емші апаның әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы пікірі тарады, деп хабарлайды paryz.kz.
ТікТок-та Нұрбек Жағыпаров емші Бибігүлдің «аталарының» Димаш туралы айтқан видеосын жариялады. Емші апаның сөзіне құлақ түрсек, Димаш жер бетіне арнайы тапсырмамен жіберілген адам көрінеді.
«Мен көбіне теледидар қарамаймын. Бір күні дәрет алу үшін сыртқа шығып бара жатып, теледидардан біреу ән айтып тұрғанын көрдім. Кім екенін білмеймін, бірақ, кейін оның Димаш Құдайберген екенін білдім. Сол сәтте менің құлағыма бір дауыс келді: «Бұл — әнші емес». Димаш әнші емес, ол Алланың қалауымен бүкіл халықты біріктіруге жіберілген миссионер», — дейді емші әйел.