Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Қайрат Нұртас қызғанбай ма?»: Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы жұртты ойландырып қойды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың оқыған өлеңі жұртты ойландырып қойды, деп жазды Paryz.kz.

«Қайрат Нұртас қызғанбай ма?»: Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы жұртты ойландырып қойды
фото: видеодан скриншот

Ол тележүргізуші Ардақ Қасымханмен бірге өлең оқып, желіге жариялады.

«Ғашық болғым келмейді, қорқынышты, Махаббаттың себебі өрті күшті... Сағыныштың теңізі тербелгенде... Маза бермейді жүрекке толқын ішкі. Ғашық болғым келмейді, түсін мені, Қасірет те жетеді ішімдегі. Өңімдегі мұң-қайғым болғаныңша, Бақытым, бақытым боп жүре берші түсімдегі», - деп екі шумақ өлеңін оқыды. 

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, алаңдаушылығын жасырмады.

«Жұлдызға басқа махабаттың керегі не, Қайрат, екі ұлы, екі қызы тұрғанда?», «Бақытты әйелдің түрі басқаша болады. Шаршаған әйелді түрі ғой», «Қайрат Нұртас қызғанбай ма екен?!» «Кім не десе о десін, бірақ Жұлдыз талантты актриса, образға кіріп орындаған», - деп жазды желі қолданушылары.