Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Жұлдыз 24 миллион теңге қарыз»: Қайрат Нұртастың әйелін құрбысы сотқа беретінін айтты

Алдап соқты» деп, күні кеше Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова айыптаған Диляра Тәжімбетова журналистерді жинап, өз шындығын айтты, – деп хабарлайды paryz.kz.

«Жұлдыз 24 миллион теңге қарыз»: Қайрат Нұртастың әйелін құрбысы сотқа беретінін айтты
фото: әлеуметтік желіден

КТК телеарнасының хабарлауынша, «Жұлдызбен жан құрбы едік» деп сөзін бастаған ол «арадағы алауыздық жақында басталды» деп отыр.

«Тұмар Гранд Вилладж» коттедж қалашығында Жұлдыздың үйінің құрылысы аяқталып, берілер тұста ырың-жырың басталған. Осы қалашықтың иесі Диляра Тәжімбетованың туған інісі екен. Айтуынша, қала әкімдігі әр үйге тиесілі жер телімдерін бөліп, құжатын жасауды созып жіберген. Арасынан қыл өтпес тату болған құрбылардың достығына дәл осы кезде сызат түсіпті. Коттедждің кілтін жақын арада алмайтынына көзі жеткен Жұлдыз Әбдікәрімова әуелгі айырбасқа кеткен 160 миллион теңге тұратын Астананың қақ төріндегі пәтерін кері қайтаруды талап еткен. «Полициядан бастап, сот инстанцияларының табалдырығын тоздырып жүрген Жұлдыздың барлық әрекеті заңға қайшы, ал сөздері қып-қызыл өтірік», – деп отыр Тәжімбетова.

«Тұмар Вилладждағы» коттеджі үшін 24 миллион теңге қарыз болып қалды» деген Жұлдыздың экс-құрбысы жала жабу дерегі бойынша полицияға арыз жазған. «Төрт сағат ішінде Жұлдыз 10 жыл өмірі қалай өткенін айтты. Мен бұрын Жұлдызды танымағанмын. Барлығымыз Қайратты жақсы әнші ретінде жақсы көреміз, еліміздің азаматы. Бірақ Жұлдыздың кішкене айтқан әңгімесінен шок болдым. Тіпті қорқып кеттім. Ажырасайын деп жатқан жоспарын айтты, сол таңда Қайратпен тұрмайтынын да айтты», – деді Диляра Тәжімбетова.