Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Кім рұқсат берді?": Айқын Төлепберген карантин кезінде концерт өткізбек

"Алақай! Алғашқы концерт! Шымкент! Түркістан сарайы. Көптен күткен кеш! Баршаңызды күтемін..." - деп мәз болды ол.

"Кім рұқсат берді?": Айқын Төлепберген карантин кезінде концерт өткізбек
фото: ашық дереккөз

Әнші Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасында Шымкент қаласында концерт өткізетінін хабарлап, оған барша жанкүйерлерін шақырды. Айтуынша, ән кеші 14 наурызға жоспарланған көрінеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Алақай! Алғашқы концерт! Шымкент! Түркістан сарайы. Көптен күткен кеш! Баршаңызды күтемін. Осы жексенбі! 14 наурыз! Концерт", - деп мәз болды ол.

Ал желі қолданушылары қуанышты жаңалығын жеткізген әншінің өзін сұрақтың астына алды. Олардың дені концерттің карантин күшейтілген кезде ұйымдастырылып жатқанына қарсы.

"Концертке кім рұқсат берді?", "Карантин емес пе? Шектеу шаралары күшейтіліп жатыр ғой", "Хаттамалардың шаңын сүртіп, дайындап қою керек" деп жазуда көпшілік.