Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Ешкімге айтпадым»: Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етті

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде бұған дейін ешкімге айтпаған жаңалығы туралы айтып, елді қызықтырып қойды. Шығармашылығын әзірге ысырып қойған әнші алдағы уақытта оқырмандарын мүлдем басқа дүниемен қуантатынын жеткізді, деп жазады paryz.kz.

«Ешкімге айтпадым»: Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етті
фото: әлеуметтік желіден

Ерке Есмахан бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі алдағы уақытта оқырмандарына өзінің энергиясына толы затты ұсынатынын жеткізді. Алайда әнші оның нақты не екенін айтпай, құпия сақтап қалды.

«Қыздар, бұл идеямды жақындарыма, құрбыларыма – әлі ешкімге айтпадым. Ешкіммен бөліспедім. Желіде де сіздерді қызықтырып, дайындап, көз бен құлақтарыңызды үйретуге тырыспадым.

Өйткені бір ғана мақсатым болды. Реті келіп, бәрін өзім айтамын деп ойладым. Осы уақыт ішінде қазақ қыз-келіншектердің өзіне не қалайтынын зерттедім. Олардың қалауын бір жерге жинап, түйіндегім келді. Әйелдің жанын әйел түсінеді ғой. Мен сіздерді түсіндім. Әр әйелдің жүрек түбіндегі арманы ұқсас. Қыз бала түрлі сынақтардан өтеді. 

Әр ару бақытты ғұмыр кешу керек деп ойлаймын. Мен анамын, әншімін, жармын, қазақтың еркелеп жүрген қызымын. Алайда инстасаудагер емеспін. Осы заман талабына сай марафон, курс ойластырып, сатпадым. Сұраныс күн сайын болса да, келіспедім. Жақында мен сіздерге ұсынатын нәрсе өз өмірімнен, жүрегімнен, махаббатымнан, арманымнан туындаған зат. Осы затпен мен сіздерге бір қадам жақындаймын. Осы затты алған соң менің «Ерке Есмаханның бір бөлшегі» сіздермен бірге болады. Бұл затта менің энергиям бар. Өйткені бұл заттың авторы менмін. Дайын болыңыздар, жақын күндері көрсетемін», — деп жазды Ерке Есмахан.