Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Әнші Сейфуллин Жолбарыс не үшін ажырасқанын айтты

Әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелі Екатеринамен де ажырасып кеткенін растады, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Әнші Сейфуллин Жолбарыс не үшін ажырасқанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы ол өзінің ресми Instagram парақшасында жазды.

«Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз», — деп жазды Сейфуллин Жолбарыс.

Әнші Instagram парақшасының дәл осы жарияланымына пікір жазу құқығын шектеп қойды.