Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ерке Есмахан үйіме келіп, жылап отыратын – Баян Алагөзова

Танымал продюсер Баян Алагөзова Ерке Есмаханмен жұмыс істеген кезді есіне алып, ел білмейтін біраз шындықты жайып салды, деп хабарлайды paryz.kz skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ерке Есмахан үйіме келіп, жылап отыратын – Баян Алагөзова
Коллаж: Sn.kz

Продюсердің айтынша, Еркенің Қазақстан эстрадасында жұлдызы жануына біраз уақыт кеткен.

«Ерке Есмахан жұлдызды сәтін ұзақ күтті, көп еңбектенді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, «Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?» деп айтатын. Мен оған «Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма» дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. «Не істейміз?» деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады. Ақырында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшты», - деді продюсер «Din Dina Show» бағдарламасында.