Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Енем ортамызға жатып алатын»: Сиви Махмуди отбасылық өміру туралы айтты

Әнші Сиви Махмуди журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Енем ортамызға жатып алатын»: Сиви Махмуди отбасылық өміру туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

«Енем баласын қатты қызғанды. Тіпті, ортамызға келіп жатып алатын. Келін болып түскен күні “Сезімдерің 2-3 жылдан кейін суып жатса, ажырасыңдар” деді. Мен сол сөзіне қатты таңғалатынмын. Осы күнге дейін экс-енем де, жолдасым да балаларды сұраған емес», — деді Сиви Махмуди.

Сонымен қатар ол іздеуде жүрген күйеуінің қандай адам болғанын айтты.

«Біз үйленген жылдары жұмыс істейтін. Сосын 2-3 жылдан кейін істемей қалды. Таңертеңнен кешке дейін үйде ұйықтай беретін. Өзім жұмыс істеп, табыс тауып, балаларымды асырадым», — деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті әншінің бұрынғы жары Аңсар Қажымұқанұлына іздеу жариялағанын хабарлаған еді.