Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 кісімен өтті»: Тамара Асар отбасы құрған сәтін еске алды

Тамара Асар әлеуметтік желідегі оқырмандарына отбасылық өмірі жайлы айтып берді, деп жазды Paryz.kz.

«Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 кісімен өтті»: Тамара Асар отбасы құрған сәтін еске алды
фото: әлеуметтік желіден

Ол өзінің жұбайымен қалай танысқандарын және тойлары жайлы көптің неге естімегені турасында сұрақтарға жауап берген.

«Танысар сәтте «қандай әдемі әйел, мына әйелге мен үйленемін» деп айтып қалған сөзінің кейін жеті күнде келіп, неке сақинасын салып тұрып, ұлым Қамбарға офлайн, яғни қасымда отырып, әкем тірі кезі еді, оған онлайн видеозвонокпен шығып «Біз үйленіп жатырмыз» деді. Әкем рұқсатын берді. Сосын әкем көп ұзамай қайтыс болды. Үн шығармай күтуге тура келді. Пандемия басталып кетті. Сосын жар салып жария қылмадық. Анамның талабы солай болды. Некеміз Ақшұқырда әкемнің шаңырағында қиылды.

Менің туыстарым да, оның туыстары да, жанында жүрген дос, әріптестері де бұл жайында білмеді. Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті. Тіл-көзден, кесе көлденеңнен аман болсын отбасымыз. Шүкір!», – деп жазды Тамара Асар