Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Мен шенеунік болсам...": Айқын Төлепберген билікке барса не істейтінін айтты

Өзге желі қолданушылар да бұл жазбаға қатысты өз пікірлерін жарыса жазысуда...

"Мен шенеунік болсам...": Айқын Төлепберген билікке барса не істейтінін айтты
фото: ашық дереккөз

Әнші Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасына егер өзі шенеунік болса, қандай өмір сүретінін жазды. Айтуынша, ол ешкімге қазынадан қаржы ұрлатпай, жерді таратпайтын көрінеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Мен шенеунік болсам, бәрін таза жасар едім. Бір тиын ұрлатқызбай, бір жерді бергізбей. Қайта, қоластымдағы адамдарға ұрламайтын жағдай жасап, артық жұмыс істеген үшін ақша төлеп. Жемқорлық деген нәрседен жек көретінім жоқ. Еліміздің ең үлкен дерті сол", - дейді әнші.

Өзге желі қолданушылар да бұл жазбаға қатысты өз пікірлерін жарыса жазысуда.

"Шенеунік болсаңыз, осы сөздеріңіз ұмытылады ғой", "Ақша көрсе, періште жолдан таяр", "Шенеуніктердің көбісі басында осылай ойлайтын секілді" дегендей қыжыртпамен қатар, Айқынға кәдімгідей зор сенім артып отырғандар да бар.