Әлемге әйгілі әнші, Халық әртісі Димаш Құдайберген Алматыдағы АТР 250 сериялы теннис турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ән шырқады, деп хабарлайды paryz.kz.
Ол «When I ‘ve Got You», «Weekend» хиттерін әуелетіп, «Ризамын тағдырға» әнін орындаған. Алайда оның оң қолын ақ дәкемен байлап алғанына қарап жанкүйерлері алаңдап қалды.
Димаш алған жарақаты туралы ештеңе айтпаған, сндай-ақ оның әлеуметтік желілері де бұл туралы түсініктеме бермеген.
Әншінің жанкүйерлері оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп жатыр.