Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

«Орамалым үшін концертке шақырмайды»: Мөлдір Әуелбекова өзінің қара тізімде екенін айтты

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова орамалы үшін кейбір адамдардың қара тізіміне кіріп кеткенін ашып айтты. Өнер иесі өзін әлі күнге дейін кейбір жобаларға шақырмайтынын жеткізді, деп жазады Paryz.kz.

«Орамалым үшін концертке шақырмайды»: Мөлдір Әуелбекова өзінің қара тізімде екенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Мөлдір Әуелбекова шығармашылығында болып жатқан жайттар туралы Дина Төлепбергенге берген сұқбатында сыр шертті.

Алайда шоу-бизнес жұлдызы қара тізімге кіргені үшін еш уайымдамайтынын жеткізді. Әнші ол жандардың концерттері мен жобаларына мүлдем мұқтаж емес екенін айтты. 

"Әлі де қара тізімдемін. Кейбір жерлерде мені орамал үшін шақырмайды. Шынымды айтсам, басымды қатырмаймын. Қара тізімге кіріп кеттім ба? Одан қалай шығамын? Мен олардың қара тізіміне болмаса концертіне, телевизиялық жобаларына мұқтаж емеспін. Мені тыңдайтын халқым бар. Міне 20 жыл болды мені көтермелеп отыр. Құлаған жерімде мені көтеріп жіберіп отыр. Мені тыңдатын халық өзі тауып алып-ақ тыңдап жүр", - деді Әуелбекова.