Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Гонорарлары аз»: Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша төлегенін айтты

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы «Көреміз» бағдарламасында берген сұхбатында екі қызының дүниеге келуіне көмектескен суррогат аналарға қанша қаражат бергенін жария етті.


«Гонорарлары аз»: Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша төлегенін айтты
фото: видеодан скриншот

Оның айтуынша, аналардың бірі 6 миллион теңге, екіншісі 7 миллион теңге сұраған.

 «Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Ашық дереккөзде барлығының бағасы тұр. Суррогат аналардың ай сайынғы жалақысы – 250-350 мың теңге арасы. Бұл баға суррогат аналардың сұрағанына қарай бекітіледі. Бірі 250 мың сұрауы мүмкін. Екіншісі «одан көп бер» деп талап қояды. Қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін қомақты келіскен гонарарын бересің. Бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек төленеді.

Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Дүниеге сәби алып келетін миссия үшін ондай баға өте арзан. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллион аралығында болады. Менің жағдайымда бірі 6 миллион теңге сұрады, екіншісі 7 миллион теңге сұрады. Мен оларға артығымен төлеп жібердім. Өйткені ол суммалар мен үшін өте аз болды. Қос анамыз да ондайды күтпеді», – деді продюсер.