Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Киіміне, тісіне дейін кері пікір жазады»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына тіл тигізгендерді орнына қойды

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасының сырт келбетін сынға алғандарға желіде жауап берді. Өнер иесі анасының киімі мен жүріс-тұрысына қатысты кері пікірлер жазылатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Киіміне, тісіне дейін кері пікір жазады»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына тіл тигізгендерді орнына қойды
фото: әлеуметтік желіден

Ләйлә Instagram парақшасында анасына жағымсыз пікірлер қалдырғандарға жазбаша жауап беріп, өзінің анасына деген қамқорлығын білдірді.

"Менің анамның киіміне, орамалына, жүріс-тұрысына, тісіне дейін сын айтатындар бар. Сол сыншыларға жауап: мен жанында бола тұра, оған бар жақсылықты жасамасам не істеймін? Жырақта жүргенде өзінен гөрі басқаларды ойлайтыны бар. Қолымнан келіп тұрғанда, анамды барынша жақсы нәрселермен қамту менің міндетім," - деп жазды Сұлтанқызы.