Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Не болды ал?»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйленді ме

Қазақстандық танымал кино жұлдыздары Дариға Бадықова мен Олжас Абай желіні шулатты. Қос актер күйеужігіт пен қалыңдық образындағы видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды

«Не болды ал?»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйленді ме
фото: әлеуметтік желіден

Дариға Бадықова мен Олжас Абай Instagram желісінде бірге түскен фото мен видео жариялап, көпшілік назарын өздеріне аударды.

Кадрларда қос жұлдыздың жас жұбайлар образында тұрғанын көруге болады. Олжас Абай классикалық қара түсті костюм, ал Дариға Бадықова қалыңдық көйлегін киіп алған. «Бұл өмір таңғалдыруын қоймайтыны несі?», — деген жазба қалдырды актриса. 

Желі қолданушылары аталмыш жазбаларды бірден қызу талқылап, түрлі пікірлер жаудырды. Бірі жұлдыздардың үйленгенін болжап жазса, енді бірі бұл киноның түсірілімі екенін айтуда.

 «Не болып кетті? Үйленіп жатыр ма?», «Осы екеуі түбі үйленіп тынады-ау», «Меніңше, жаңа фильм түсіріп жатыр», «Екеуіңізді бірге көріп қуанып кеттім», «Құтты болсын. Бақытты болыңдар», «Абайдың әдемі келіншегі бар емес пе?!», «Жар-жар деп айтамыз ба? Екеуі АХАТ бөлімінен бір-ақ шығатын шығар», «Екеуің шынымен отбасын құрып жатырсыңдар ма», — деп ойланып қалды оқырмандар.