Әнші көпшілік алдында екі баласының анасына Алматыдан екі бөлмелі пәтерді сыйлап, қолына кілтті табыстады. Жұлдыз Өмірғали мұндай сыйлықты мүлдем күтпегенін айтып, жолдасына алғысын білдірді.
«Мынау Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті. Құтты болсын. Бұл «бөлек шығып кетші» деген сөз емес. Нағыз қазақтың бизнесі ғой. Пәтерді жалға өткізесің. Ақшасын өзің аласың. Сенің жалақың болады», - деді өнер иесі.