Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Көзімді алартып бастадым»: Айгүл Иманбаева Баян Алагөзоваға қанша гонорар төлегенін айтты

Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі Баян Мақсатқызының бір фильмге қанша гонорар алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Көзімді алартып бастадым»: Айгүл Иманбаева Баян Алагөзоваға қанша гонорар төлегенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Екі өнер иесі «Көке» фильміне түскен. Киноның продюсері Айгүл Иманбаева құрбы екендерін айтып, актрисаға бір тиын да төлемеген.

«Масқара болғанда, Баянға бір тиын төлеген жоқпын. Жалпы Баян түсірілім алаңында күніне миллион теңге алады. Ең қымбат актриса. Бірақ Баянмен 25 жылдық достығымыз бар. «Айгүл, мен келемін» деді. «Мен сенің бір киноңа жоқ демедім» деп көзімді алартып бастап едім, «Жақсы, жарайды түсіндім, мен барамын» деді. Солай келді», – деді Айгүл Иманбаева.