Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

«Тәлпіштік». Келген қонақтарына маска кигізіп қойған Алагөзовтің әрекеті талқығы түсті (ВИДЕО)

Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы қыздары Алисаның қырқынан шығару рәсімен өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Тәлпіштік». Келген қонақтарына маска кигізіп қойған Алагөзовтің әрекеті талқығы түсті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қырқынан шығару тойында Баянның күйеуі Тұрсын келген қонақтардың барлығына медициналық маска үлестіріп берген. Осы тұста жұлдызды әкенің бұл әрекеті көпке жақпай қалды.

«Тамақты қалай ішеді?», «Одан да қонаққа шақырмаған дұрыс, көргенсіз адам ғана осылай жасайды», «Кәрі қыз бала таппайды, тапса, қоярға жер таппайды деген осы», «Тәлпіштер, одан да онлайн істей салмаған ба», деп жазды жұрт. 

Алайда Алагөзовтің бұл ісін жақтап жатқандар да бар. Бірі қазір қауіпті вирус жүріп жатыр десе, енді бірі жасанды жолмен туылған балалар әлсіз болады десті.