Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Ән айтқым келмей қалды...»: Ерке Есмахан оқырманды ойландырып қойды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді, - деп жазды Paryz.kz.

«Ән айтқым келмей қалды...»: Ерке Есмахан оқырманды ойландырып қойды
фото: әлеуметтік желіден

Желі қолданушыларының бірі оған «Райм ертеңгі, бүгінгі концерттерде өнер көрсетпей ме? Сіз ше?» деп сұрақ қойған. Әнші кейінгі кезде шығармашылыққа көңіл бөлмей жүргенін айтты.

«Райм өнер көрсетеді. Мен қолдаймын. Неге ән айтқым келмей қалғанын түсінбеймін. Талғамым өзгеріп кетті. Қайтып орнына келер деген үміттемін. Раймның алдағы үлкен концертіне келіңіздер. 3 қараша, Алматы Арена. Мен міндетті түрде ән саламын сол кеште», - дейді әнші.