Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Танымал продюсердің ЭКО жасатқаны белгілі болды

Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың ЭКО жасатқаны белгілі болды, деп хабарлады paryz.kz madeniportal.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал продюсердің ЭКО жасатқаны белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы продюсердің қызы Айсауле Бақытбек Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Айсауле Бақытбек видеода Салтанат Берденқызына алғысын айтып жатты. Бұл Баян Алагөзованың қызы Алисаның қырқынан шығару кезіндегі отырыста түсірілген.

«Салтанат Берденқызы – анамның арманын орындауға ат салысқан жан. Қазақстандағы ЭКҰ бойынша бас дәрігер», - деді Айсауле Бақытбек. 

Айта кетсек, Салтанат Берденқызы – қазақстандық репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті.