Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

«Суретке бірге түскенім кешіргенімді білдірмейді»: Баян Алагөзованың қызы әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

Блогер, тележүргізуші Айсауле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы жайлы сөз етті, деп хабарлады Paryz.kz.

«Суретке бірге түскенім кешіргенімді білдірмейді»: Баян Алагөзованың қызы әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

«Маған көп адамдар әкеммен бірге түскен фото салғанда «Жарайсың!», «Ақыры кешірген екенсің» деп жазып жатады. Менің көпшілікке айтарым, әкемнің істегенін кешіру әлі де мүмкін емес, бірақ бұл өмір болғасын сіз бен бізде де түрлі жағдайлар орын алады. Сол үшін мен оны бізбен қарым-қатынасын шектей алмаймын», - деді Баян Алагөзованың қызы Айсауле Бақытбек.