Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Күш-қуат берсін: Желіде Заттыбек Көпбосынұлының әкесін талқылауда

Халыққа «Ақмаржан» әні арқылы танылған әнші Заттыбек Көпбосынұлы желіге әкесінің видеосын жариялап, халықтың ықыласына бөленді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Күш-қуат берсін: Желіде Заттыбек Көпбосынұлының әкесін талқылауда

Әлгі видеода әншінің әкесі ақындардың өлеңдерін айтып отыр.

«Әкемнің есте сақтау қабілеті бізден жақсы. Бала күніндегі ауыл ақындарының өлеңін жатқа біледі әлі күнге дейін», – деп жазды Заттыбек Көпбосынұлы.

Желі қолданушылары Қазақстан эстрада жұлдызының әкесіні жылы лебізін білдірді.

«Әкеңіз жүз жасасын», «Қарияларымыз аман болсын», «Əкеңіз 100 жасай берсін! Алла əлі де болса күш-қуат берсін», «Ақсақалға амандық тілеймін», «Біз мектептегі өлеңдерімізді ұмытып қалған адамбыз. Мына кісі бала күнгісін әлі біледі» десті көпшілік.