Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Баян Алагөзова егіз қыздың анасы атанды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы тағы бір рет ана атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.


Баян Алагөзова егіз қыздың анасы атанды
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Өнер иесі осыдан 15 күн бұрын Алиса есімді қызды болғанын сүйіншілеген еді. 

“Сені сегіз жыл күттік. Алиса қызымыздан кейін, араға 15 күн салып, Алагөзова Алма Тұрсенғалиқызы дүниеге келді”, – деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

Белгілі ақпарат бойынша, Баян суррогат ана көмегіне жүгініп, егіз қызды өмірге әкелді. Алма Тұрсенғалиқызы шала туып, емханада дәрігерлер бақылауында болған.