Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Орамалың құтты болсын»: Ақбота Керімбекова құрбысы Айгүл Иманбаеваны құттықтады

Әнші Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның өміріндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Орамалың құтты болсын»: Ақбота Керімбекова құрбысы Айгүл Иманбаеваны құттықтады
фото: әлеуметтік желіден

“Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп.

Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!”, – деп жазды әнші.