Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Еңгезердей жігіттің тірлігі ұят болды»: Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртас туралы айтты

Әнші Жігер Ауыпбаев қамаудағы Қайрат Нұртас туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп жазды Paryz.kz.

«Еңгезердей жігіттің тірлігі ұят болды»: Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртас туралы айтты
Коллаж: sn.kz

“Жігіттердің арасында “тоқылдақ” деген атты жігіттік сипаттан кеткен адамға тағатын еді. Еңгезердей жігіттің болмайтын әңгімеге бола арыз жазып, 15 тәулікке қаматып жібергені ұят енді. Жігітше екеуара шешсе де болар еді ғой. Қайрош досым! Еш мойыма. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Сен өте ақкөңіл жансың ғой. Ақ көңілдігіңді пайдаланып, сенің кең құшағыңа білдірмей кіріп алып, өз пайдасын ойлап жүргендер бұл өмірде болмаса да, ақыретте жауап берер. Сатқындық! Сен еркексің”, – деп жазды әнші.