Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Өтірік өкініштен не пайда?»: әнші Дильназ Ахмадиева Салтанат Нүкеноваға арнап ән айтты

Әнші Дильназ Ахмадиеваның күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға арналған әні шықты, – деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Өтірік өкініштен не пайда?»: әнші Дильназ Ахмадиева Салтанат Нүкеноваға арнап ән айтты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды. Ән “Кеш” деп аталады. Өнер иесі Салтанат Нүкенованың жағдайы өзіне қатты әсер еткенін айтты.

“Мен бұл жантүршігерлік трагедия туралы елмен, бүкіл әлеммен бірге білдім. Бірге жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым, дұға еттім. Бірақ менің қолымнан келгені ән жазып, Салтанатқа арнау болды! @aitym (Айтбек Амангелді) Барлығы үшін көп рақмет. Мен сіздің отбасыңыз үшін бұл жағдайдың қаншалықты ауыр екенін елестете алмаймын. Баршаңызға денсаулық, күш-қуат тілеймін! Ән халықтың жүрегіне жетеді деп сенемін!” – деп жазды ол.

«Аспаннан жаңбыр болып төгілсең де,

Ғарыштан жұлдыз болып көрінсең де,

Өкініп жүрегіңді қайта берсең де,

Сүймеймін енді қайтып сені мүлде.

Кешірім сұрасаң да енді кеш,

Екеуміз деген тек қиял елес.

Өтірік өкініштен не пайда?

Бәрі бір енді кеш». Ән мәтінінде осындай жолдар кездеседі.