Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Әкесі неміс, анасы қазақ»: Димаш жүзік таққан арудың кім екені белгілі болды

Жақында ғана әлемге танымал әнші Димашпен бірге ақ көйлек киіп түскен ару көпшіліктің қызығушылығын тудырған еді, деп хабарлайды Paryz.kz Sn сайтына сілтеме жасап.

«Әкесі неміс, анасы қазақ»: Димаш жүзік таққан арудың кім екені белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Әншінің әсем бойжеткенге жүзік сыйлап тұрған суреті бұған дейін желілерде тараған болатын. Жарнама екені анықталса да әншінің жанкүйерлері оларға бақыт тілеп жатты. Көпшілік жарнамада болса да Димаш жүзік таққан арудың кім екенін білуге асық.

Ол – Алматы қаласының өткен жылғы сұлулық байқауының жеңімпазы Наталья Петри.  Ару Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде «Ғылыми физика» мамандығы бойынша оқиды.

Мектеп қабырғасынан бері физикамен қоса химия, математика  пәндеріне аса қызығушылық танытқан Наталья Петри осы бағытта ұстаздық етуге бел буған.

Сондай-ақ Наталья ұлттық бимен айналысады, қазақ мәдениетін жақсы көреді және қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның әкесі неміс, ал анасы қазақ.

Оқумен қатар модель болып жұмыс істеуі бойжеткеннің Димашпен бірге жарнамаға түсуіне сеп болған.

Жарнамалар Алматы және Астана қалаларындағы билбордтарда қойыла бастады.