Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасына өмір туралы жазба жариялап, жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Негізі осындай дүниелерді салуға ыңғайсызданатынмын. "Жасыма сай ма?", "ұят емес пе?", "өзгенің қытығына тимей ме?" деген сұрақтар мазалайтын. Бірақ былай қарап тұрсаң өмір менікі ғой… Осыдан түйетін ой, пенденің емес, Жаратқанның алдындағы абыройды бірінші орынға қойған әлдеқайда дұрыс. Сіз жүрген ізбен аяқ баспағандар сізді бәрібір түсінбейді. Өзім де өзгені албаты сынамаймын сондықтан. Қысқасы, қып-қысқа ғұмырымыз мәнді, мағыналы болса болды емес пе?» - деді ол.