Халыққа "Қойшы бала" лақап атымен танымал Айдос Кәден TikTok желісінде жаңа продюсерін таныстырды. 11-сынып оқушысы қазір Қанағат Меченбаймен жұмыс істейді, деп жазады Paryz.kz.
Қанағат Меченбайдың айтуынша, "Қойшы баланың" Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне үш ай болған.
"Туысқан інім. Жұмыстары біткеннен кейін қолыма алып, әрі қарай бірге жұмыс істейтін болдық. Дуэт жазамыз", - деді ол.
Айдос Кәденнің өзі ауылға айына екі рет барып тұратынын айтты. Ол көпшілікке жақында бейнебаян шығатынын да хабарлады. Ал желі оқырмандары әншінің Жігер Ауыпбаевпен жұмыс істемей кеткеніне ашуланып отыр.
"Су ішкен құдығыңа түкірме", "Жігердің арқасында танылды ғой", "Бәрі Жігердің еңбегі", "Жігер қайда?", "Қазір дауысы өзгерген", "Жігер ағаңды тастап кеттің бе?", "Мұның болмады, Жігер сен үшін бәрін істеді", - деп ашынды жұрт.