Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Бақытты болсын!»: Желіде Димаштың бейтаныс аруға сөз салған суреті тарады

Биыл 30 жасын тойлаған Димаш Құдайбергеннің әлдебір аруға сақина ұсынып, қолынан ұстаған суреттері тарады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Бақытты болсын!»: Желіде Димаштың бейтаныс аруға сөз салған суреті тарады
Коллаж: sn.kz

TikTok әлеуметтік желісіне шыққан суреттерге көз жүгіртсек қазақтың Дарынды баласы Димаштың классикалық үлгіде шыттай болып киініп алып, белгісіз аруға қолы мен жүзігін ұсынып тұрғанын байқауға болады. Әзірше бұл суреттердің клип, жарнама немесе шынымен сөз салу екені белгісіз. Алайда желі оқырмандары сүйікті әншісіне бақыт тілеп, кейбірі Димашты ешкімге қимайтынын жарыса жазған.

"Шын ба? Біздің періштеміз үйленгелі жатыр ма?", "Осы қызбен ресторанда көргем, қызы шығар деп ойладым. Бақытты болсын!", "Қазақ па екен?", "Қыз нәзік әрі әдемі екен", "Аллам осы баланы үйлендірсе екен", "Шүкір, Димаштан жақсы жаңалық естідік", деп жазды желі қолданушылары.