Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Қайта ақ көйлек кию оңай болған жоқ». Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты ойландырып қойды

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова той көйлегін киіп, видео жариялады деп хабарлайды Paryz.kz.  

«Қайта ақ көйлек кию оңай болған жоқ». Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты ойландырып қойды
фото: әлеуметтік желіден

Ақ көйлек актриса үшін өмірде жабылмай қалған гештальт болған.

Ел не дейді? Жұрт не ойлайды?… енді мұндай сұрақтар мені мазаламайды. Шешім осылай болып тұр. Араға жылдар салып, қайта ақ көйлек кию оңай болған жоқ. Сонымен "АҚ КӨЙЛЕК" деген гештальт жабылады. Қыздар, түрлі жағдай болуы мүмкін. Түсінуге болады. БІРАҚ болмады, кимедім деп өмір бойы өкініп өтудің қажеті жоқ. Прокатқа көйлек аласыз, өзіңіз қалаған гүлді таңдайсыз да фотостудияға барасыз, - деп жазды ол.

Бұдан бөйлек Жұлдыз Қайратпен отбасы құрғанда той көйлегін қалай таңдағанын айтып берді.

Менің алғаш тұрмысқа шыққан кезім есіме түсіп отыр. Ол күн, ол көйлек туралы мен сағаттап айта бере аламын. Мен той көйлегін іздеуге шығып, Алматыдағы барахолкаға барамын. Барлығы бір типті жылтырақ. Маған ондай ұнамайды. Соңғы рет қарауға келдім. Осы жерден таппасам, тіктіртейін деп ойладым. Бір бутикке кірдім де, бұрышта бір тығылып тұрған көйлекті көремін. Қатты ұнап қалады. Көкірек тұсында және етегінде гүлдермен көмкерілген нәзік, маған арналғандай көйлек болды. Ол көйлек әлі күнге дейін бар. Сіздерге бір күні көрсетермін, - деп жазды Жұлдыз.