Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Балалы бола алмайсың» деді»: Жахан Отарғалиев диагнозы туралы бар шындықты айтты

Танымал актер Жахан Отарғалиев көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, өзіне қойылған диагноз жайлы бар шындықты айтты. Өнер иесінің сөзінше, бірқатар тексерістен кейін дәрігерлер оған балалы бола алмайтынын жеткізген, деп жазды Paryz.kz 

«Балалы бола алмайсың» деді»: Жахан Отарғалиев диагнозы туралы бар шындықты айтты
Фото: видеодан скриншот

Некесі сәтсіз аяқталған Жахан Отарғалиев ел білмейтін құпиясын белгілі журналист Зарина Мүсілімге берген сұқбатында айтты. Актер жан сырын ақтарып, аталған диагноздың өміріне қалай әсер еткенін жеткізді. Сөзінше, дәрігерлер "балаң болмайды" деп оның әйелінің көзінше айтқан. Бұл жайт өнер иесіне аса ауыр тиген.

"Маған диагноз қояды. "Жахан cен физикалық тұрғыда балалы бола алмайсың" деп айтты. Бұл нәрсені менің әйелімнің көзінше айтқаны маған екі есе ауыр тиді. Мен бұрында бұл нәрсені сезетінмін. 15 жыл балалы бола алмай жүрдім. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп бетіме айтқан соң, маған еш нәрсе қызық болмай қалды. Оған дейін үміт болды. Үміт әлі де бар.

Бірақ естіген кезде маған ауыр тиді. Сол кезде маған кино, шығармашылық, жұмыс, бизнес та керек емес болып қалды. Мен үшін бұл өмірде ең ауыр нәрсе. Мені тек басынан дәл осындай жағдай өтіп жатқан адам ғана түсінеді. Бала сүю бақыты маған да бұйыратын шығар, бәрі бір Алланың қолында. Үмітім үзілмейді. Мені күйзеліске ұшыратқан осы диагноз, достар! Өйткені бұл өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ қой", - деп ағынан жарылды Отарғалиев.