Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні

Бүгін танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы Құдайберген дүниеге келген күн.

Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні
фото: әлеуметтік желіден

Ақтөбе қаласында туған. Димаштың ата-анасы – танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Ол алғаш рет спектакльде ойнап, көпшілікке таныла бастады. Бес жасында тұңғыш рет музыкалық колледж сахнасында ән салған. Алты жасында "Айналайын" республикалық байқауының "Фортепиано" номинациясында жеңімпаз атанды. 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы "Жас қанат" Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы "Восточный базар" Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды.

2013 жылы Димаш Құдайберген "Мейкин Азия" І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Сонымен қатар Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар "Славян базары-2015" байқауында Гран-при жеңіп алған. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген "Abu TV" Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің "эстрада өнері" факультетіне түсті. Димаш қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән орындайды. Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың барлық кезеңінен өтіп екінші орынды жеңіп алды. Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді.

2017 жылы Азияның "Грэммиі" саналатын "Top Chinese Music Award" сыйлығын "Азияның ең танымал әншісі" аталымында жеңіске жетті.

Көптеген халықаралық жүлделердің иегері.

«Күйеу балаларыммен араласпаймын»: Абай Бегей көңілін қалдырғандарды кешірмейтінін айтты «Күйеу балаларыммен араласпаймын»: Абай Бегей көңілін қалдырғандарды кешірмейтінін айтты «Бұрын үйленген, баласы бар»: Танымал тележүргізуші болашақ күйеуінің өткені туралы айтты «Бұрын үйленген, баласы бар»: Танымал тележүргізуші болашақ күйеуінің өткені туралы айтты Бірнеше ай бұрын ажырасып, АҚШ-қа көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова жаңа өмірін көрсетті Бірнеше ай бұрын ажырасып, АҚШ-қа көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова жаңа өмірін көрсетті «4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды «4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды «Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты «Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты «Аузын ашып билегені болмады...»: Алтынай Жорабаева тойдағы биі үшін тағы да сынның астында қалды «Аузын ашып билегені болмады...»: Алтынай Жорабаева тойдағы биі үшін тағы да сынның астында қалды Жылдар бойы жаман өмірге салынып, адастым: Дастан Оразбеков сұмдық жайтты айтты Жылдар бойы жаман өмірге салынып, адастым: Дастан Оразбеков сұмдық жайтты айтты «Бүгін келініміздің бетін ашамыз»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той «Бүгін келініміздің бетін ашамыз»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той «Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сынға жауап берді «Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сынға жауап берді