Танымал Шымкент сыра зауытын Тұрсын Алагөзов иеленді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Тұрсын Алагөзов сыра бизнесінен бөлек 8 зауытқа басшылық етпек.
Бизнес-реестрге сәйкес, актив Тұрсын Алагөзовтың меншігіне бір апта (13 мамырда) бұрын өтті. Бұған дейін 2021-2024 жылдар аралығында зауытты Ғалымжан Есенов пен Марғұлан Сейсембаевтың бизнес-серіктесі саналатын Тимур Жаңабаев иеленген болатын. Жаңабаевқа дейін кәсіпорын «АТФ Банк» АҚ-ға тиесілі болды, – делінген Telegram-дағы Shishkin_like арнасының жарияланымында.