Белгілі әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде еш жерде жарияламаған суреттерін көрсетті, деп хабарлады Paryz.kz.
Әншінің сөзінше, мұрағаттық кадрларды өзі де бірінші рет көріп отырғанын айтты.
«Бұл суреттер мықты фотогроф марқұм Рахымбай ағаның жары Априза апайдан келді. Өзім де алғаш көріп отырмын. Осындай жас кезімізден суреттерді жіберіп, қуантқаныңыз үшін үлкен рақмет», - деп жазды әнші.