Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Қазақ әйелі басына салмаған»: туған күнінде көк орамал таратқан Қарақат Әбілдина сынға қалды

Әнші Қарақат Әбілдина Германиядан елге оралған соң туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қазақ әйелі басына салмаған»: туған күнінде көк орамал таратқан Қарақат Әбілдина сынға қалды
фото: әлеуметтік желіден

"Достар, менің туған күнім әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі кеш осындай жақсы адамдардың ықылас-ниеті, тілегінен туындады. "Биыл туған күніңде шетелде болдың, құттықтай алмадық" деп сыйлығын үйге жіберген, қайда жүрсем де ықылас-ниетін білдіріп жүрген жақын адамдарымның басын бір қосайын деп осындай шағын отырыс ұйымдастырып жатырмын. Көтермесек көңілді кір басады дейді. Елдегі жағдай реттеліп жатқан сыңайлы. Алла өзі жар болсын, – деді әнші инстаграмдағы Stories бөлімінде.

Әнші кешке келген қонақтарға көк орамал таратып, сынға қалды. 

"Көтермесе көңілді кір басады… Көктеміме көрік беріп, көңілімді көтерген көріктілеріме сән үйімен бірігіп дайындаған “Қарақат” орамалдарын сыйға тарттық. Барлығыңызға жетпей қалды енді. “20 “дайындап едік, бұйырса, қарақат жемісі бейнеленген осы әдемі принтпен жаңа топталар күтіңіздер. Әдемі, жарасымды, иә? Бүгінгі кеш үшін, ықылас-ниеттерің үшін рақмет алтындарым», – деп жазды әнші.

Алайда оқырмандардың басым бөлігі әншінің көк түс таңдағанын сынап, түрлі пікір қалдырған.

"Орамал жапқаныңыз дұрыс шығар, бірақ көк түсті қазақ әйелі басына салмаған. Алла сақтасын!», «Қазақтың ырым-тыйымдары текке айтылмаған", "Әрине орамал әдемі, бірақ түсі өте жаман", деп жазды желі қолданушылары.