Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Жүрегіміз қақ айырылды»: Ерке Есмаханның баласы «шетінеп кетті» деген хабар тарыды

Tik-Tok әлеуметтік желісінде белгісіз біреулер әнші  RaiM мен Ерке Есмаханның сәбилері шетінеп кетті деген ақпарат таратқан. Бұл туралы Ерке Есмаханның өзі мәлім етті.

«Жүрегіміз қақ айырылды»: Ерке Есмаханның баласы «шетінеп кетті» деген хабар тарыды
фото: әлеуметтік желіден

Әншінің жазбасына қарасақ, оның таныстары мен туыстары Ерке Есмаханға хат жазып, сәбине қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын ескерткен. Скриншоттардан байқағанымыздай, белгісіз біреулер Ерке Есмаханның суретін пайдаланып, 07.04.2024 деген датамен  «періштем, балам, мәңгі жүрегімде болады» деген жазба жариялаған. Ерке Есмахан өзіне осындай толассыз хаттар келгенін жазып отыр.

«Осыны ойлап, өз қолымен жасап, интернетке шығарған біреу бар. Сіздер шошып жатсыздар, әкесі екеуміз жалған ақпарат болса да, осыны көргенде көзімізге жас келіп, жүрегіміз қақ айырылды», - деп жазған Ерке Есмахан.

Оның айтуынша, жолдасы RaiM екеуі жалған ақпарат таралған Tik-Tok желісіне тіркелмеген.

«Сондықтан, жалған ақпаратты кеш естіп, кеш көрдік. Әкесі жалған ақпаратты кім таратқанын табамын деп кіріп, іздегені сол еді, вдеоны да, ақпарат таралған парақшаны да жойып үлгерген. Бірақ, қазіргі заманда қаласаң бәрін табуға болады. Бұл істі жайт қалдырмаймыз», - деп жазған әнші.